— Саланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі — цифрландыру және бірыңғай цифрлық экожүйені қалыптастыру. «eQonaq» — туристік ағындарды есепке алу және мониторинг жүргізуге арналған ақпараттық жүйе. Бүгінгі таңда жүйеде 900 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, — деді Е. Мырзабосынов.
Сонымен қатар ол туристік ақпараттық ресурстарды AI-ассистенті бар бірыңғай Kazakhstan.travel порталына біріктіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
— Портал 8 тілде қолжетімді болып, іс-шаралар күнтізбесін, туристік жарияланымдарды, фотобанкті, еліміздің туристік нысандары бойынша 3D-турларды қамтиды. Порталды іске қосу 2026 жылғы желтоқсанға жоспарланған, — деді министр.
Бұған дейін туризм саласында 600 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын жазған едік.