Батыс Йоркшир өрт күзеті жариялаған видеода ер адам сәби арбасының жанында тұр. Кенет оның қалтасынан лапылдай шыққан от ұшқындары жан-жаққа шашырай бастайды. Бір орында шыр айналып қолын ербеңдеткен ер адам бесікарбаға от ұшқындарын шашқан күйі тұра қашады.
Өрт электронды шылым аккумуляторындағы қысқа тұйықталудан болған. «Бұл қалтадағы литий-ион батареяларының жарылуынан орын алған алғашқы оқиға емес, - дейді өрт тергеушісі Джейми Листер (Jamie Lister).