Ол Британиядағы парламенттік сайлау алдында Twitter-де егер Джереми Корбиннің басшылығымен лейбористер 38 процент дауыс жинайтын болса, өзінің жақында жарық көрген кітабын «сүйсіне отырып» жеп қоятындығына уәде берген болатын.
Телеарна жүргізушісі сарапшының осы айтқанын келтіре отырып, «Гудвин сөзінде тұра алар ма екен?»,-деп сыр тартқан еді.
Саясаттанушы өзі қателескен екі проценттік пункттің тым үлкен екендігін атап өте келе, өз уәдесін орындады. «Мен сөзінде тұра алатын адаммын сондықтан да осы жерде отырмын және өз кітабымды жейтін боламын, ал сіздер жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер»,- деді Гудвин жүргізушіге қарата. Артынша кітабының парақтарын бір-бірлеп жыртып, аузына тықпалай бастады.
Еске сала кетсек, Ұлыбританияда 8 маусымда өткен мерзімінен бұрын парламенттік сайлауда оппозициялық Лейбористер партиясы сайлаушылардың 40 процент даусына ие болған еді.