Бірнеше күн арзандаған доллар бағамы қайта көтерілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,54 теңгеге қымбаттап, 517,66 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 513,55 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 517,84 теңгеден сатып алынады, 519,76 теңгеден сатылады. Еуро 605,01 — 609,70 теңге, ал рубль 6,38 — 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,95 теңгеден сатып алынады, 75,66 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 514,63 теңгеден сатып алынады, 521,63 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 600,72 теңге, сату — 610,73 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,35 теңге, сату — 6,50 теңге.
— юань: сатып алу — 72,94 теңге, сату — 77,10 теңге.
Еске салайық, 18 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,77 теңгеге арзандап, 513,55 теңге болды.