Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан фото, видеодағы үйлену тойындағы ерекше торт қазақстандықтарды таңғалдырды, деп хабарлайды Kazinform.
Алматылық блогер Әлішер Келгенбайдың үйлену тойы футбол стилінде өтті.
Жас жұбайлар киімдеріне танымал футбол клубтарының эмблемаларын қолданған. Мысалы, «Real Madrid-тің» эмблемасы қалыңдықтың ақ жамылғысында болса, «Barcelona» футбол клубының символы күйеу жігіттің костюміне тігілген.
Сондай-ақ қалындық қолына әдеттегідей ақ гүл емес, қара түсті гүл шоғын ұстап жүрді. Бұдан бөлек, қонақтардың көңілін көтеруге «Месси» мен «Роналдо» келді.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.