Бірнеше ойыншыға күн өтті — «Оқжетпес» ФК бас бапкері

АСТАНА. KAZINFORM — «Оқжетпес» командасының бас бапкері Ринат Алюетов ойыншылардың «Тобыл»-мен өткен матчындағы (2:1) жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz .

Фото: Sports.kz

— Өте қызықты, тартысты ойын болды. Жалғыз мәселе — ауа райы әсер етті: 33 градус, өте қиын болды. Тіпті бүгін бірнеше ойыншыға күн өтті. Бәріміз де әбден терледік, — деді Алюетов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Оқжетпес матчты Жансұлтан Мұхаметхановтың дублінің (48 және 63-минуттар) арқасында жеңіп алды. Тобыл сапынан жалғыз голды Марко Вукчевич соқты (10-минут).

38-минуттан бастап Тобыл он ойыншымен қалды: Пап-Альюн Ндиайе екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Айта кетейік, «Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды.