Бірінші лигада «Жайық» сырт алаңда «Тұранмен» тең ойнады

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 12-турында «Тұран» (Түркістан) өз алаңында Оралдың «Жайығын» қабылдады.

Фото: Видеодан алынған скрин

Түркістандықтар көш бастаушылардың бірі болса, оралдықтар ортаңғы тұста еді.

Батысқазақстандықтар ойынды сәтті бастап, 7-минутта Әлімжан Журасов есеп ашты. Бірінші тайм соңында қосымша 4-минутта Әлихан Исраилов есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда төреші қонақтардың қақпасына екі рет 11 метрлік айып добын белгіледі. Оны Мирас Тұрлыбек дәл орындады. Қорытынды есеп — 2:2.

Түркістандықтар 12 турдан кейін 25 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. «Қайрат жастары» 32 ұпаймен көш бастаса, Қарағандының «Шахтері» (31 ұпай) екінші сатыда, ал «Жайық» (16-ұпай) 9-орында келеді.

Оралдықтар 9 шілде күні өз алаңында «Тобыл жастарын» қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бірінші лигада «Жайық» клубының қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.