Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Астанадағы мектептерде бірінші сынып балаларына қатысты орын тапшылығы жөнінде сұрақ қойылды.
Өз кезегінде Шынар Ақпарова биыл құжаттарды қабылдау платформа арқылы іске асқанын айтты. Бастапқыда техникалық мәселелер анықталып, кейіннен оның бәрі реттелді.
- Биыл еліміз бойынша 1-сыныпқа 380 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарланған. Өтінімді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Сондықтан барлық оқушы бірінші сыныпқа қабылданады, - деді вице-министр.
Бұған дейін хабарланғандай, биыл алғаш рет QazTech платформасында Бірыңғай «OQU» платформасы аясында «1-сыныпқа қабылдау» кезең-кезеңімен іске қосылды.