«Бүгін біздің туларымыз испан халқымен ниеттестігіміздің белгісі ретінде жартылай түсіріледі. Сіздермен бірге қайғырып отырмыз. Біз бірге көтерілеміз», - деп жазды ЕК президенті Урсула фон дер Ляйен.
Сонымен қатар, Испания Валенсия мен Альбасетеде құтқару жұмыстары жалғасуда. Пайпорта, Альфафар немесе Утиэль-Рекена – Валенсияда ең қатты зардап шеккен муниципалитеттердің бірі.
Су тасқыны салдарынан 95 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды.
Бұрын хабарланғандай, Испанияда үш күн аза тұту күні деп жарияланды.
Король Фелипе мен Испания премьер-министрі Педро Санчес қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Испания үкіметінің басшысы ауа райының қолайсыздығына байланысты жағдай әлі өзгермегенін ескертті.
Осыған дейін Испанияда су тасқыны салдарынан 50-ден астам адам мерт болғаны туралы жаздық.
Испаниядағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.