Франциядағы Лилль католиктік университетінің саяси коммуникация профессоры Оливье Арифон Брюссельде кеңесші болып та жұмыс істейді. Ол зерттеуші ретінде Еуропа мен Азияда 20 жыл еңбек етті. Бұған дейін «Қытай саясатына шолу: жұмсақ күш, коммуникация, ықпал» кітабын жариялаған (Le récit politique china’s: Soft power, communication, influence. L’Harmattan, 2021).
«Баяндау арқылы дипломатия – Азиядағы жаңа жұмсақ күш» кітабының басым бөлігі Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихы мен көпвекторлы саясатына арналған. Сонымен қатар онда елдің «орта держава» ретінде қалыптасып келе жатқаны жазылады.
Шараға дипломатиялық корпустың, ЕО сарапшылар қауымдастығының өкілдері және Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан қатысты.
Қазақстандық дипломат француз ғалымының бұл еңбегі қазақстандық-еуропалық қарым-қатынастарды зерттеуге, дамытуға және нығайтуға мүдделі сарапшылар мен дипломаттар үшін ерекше қызықты болатынын атап өтті.
Осыған дейін «Ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған нақты шаралар қажет», деген тақырыпта сарапшымен болған сұхбатты жариялаған едік.