Бүгін Ақтөбе қаласында ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 1 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 13 маусымда Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде»,-делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.