«Шектеу бұрқасын болып, жолдың мүлдем көрінбеуіне байланысты Астана уақыты бойынша 16:20-де енгізілді», - делінген хабарламада.
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының деректерінше, 27-ші және 28-ші наурыз күні Ақтөбе облысында қар жауып, жауын-шашын болуы ықтимал. Боран тұрып, көктайғақ болып, оңтүстік батыстан соққан жел күші 17-22 метрге дейін жетуі мүмкін.