Алғашқы зілзала кіндігі Алматының шығысына қарай 140 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан, ал екіншісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 185 шақырым қашықтықта Қырғызстан территориясында орналасты.
Алматыдан 140 шақырым қашықтықтағы жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым, күші 8.4 балл, магнитудасы MPV 3.7-ге жеткен. Ал қаладан 185 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісінің тереңдігі - 20 шақырым, күші 9.9 балл, магнитудасы MPV 4.6.
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы ақпарат жоқ.