Бүгін Екібастұзда бірқатар көпқабатты және жеке үйлер уақытша жылудан ажыратылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өшіру жылу желілерінің бұзылуына байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС хабарлауынша, ақау Момышұлы көшесі, 69 үйге қарай тартылған орамішілік жылу желісінде орын алған. Зақымданған құбырды жөндеуге бірнеше сағат қажет.

«Осыған байланысты 29 желтоқсан күні таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 17.00 аралығында көшедегі көпқабатты тұрғын үйлерде жылу берілмейді. Нақтылай айтқанда, Момышұлы көшесіндегі 65, 67, 69, 71, 73, 79, 81, 83/13, 83а мекен-жайларында, Наурыз, 16, 160, Момышұлы, 66а, 71, 75а, 756, 79а жеке үйлерде, сондай-ақ Момышұлы 83/13, 85/12 заңды тұлғалар ғимараттарында жылу болмайды», - деп жазды ведомстводан.

Еске салайық, 28 желтоқсан күні де Екібастұз қаласындағы бірқатар жер үйге жылу беру тоқтатылған болатын.