Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады, кей жерлерде тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар аралас жауын жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі күтіледі. Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 17-22 м/с, түнде 26 м/с болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің жылдамдығы 17-22 м/с болмақ.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ олып, желдің екпіні 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел соғады, күші 15-22 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.