Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 17-22 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, түнде және таңертен тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертен Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болады.