АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 6-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 15 және 16 сәуір күндері өтеді. Бүгін 3 ойын болса, ертеңге қалған 4 кездесу белгіленген.
Бүгін, 15 сәуірде сағат 15:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) бесінші турдың шымылдығын түреді. Одан кейін 17:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары шеберлік байқасады.
Ал, 16 сәуір күні 15:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қызылжар» (Петропавл), 17:00-де «Ақтөбе» мен «Атырау», 19:00-де «Астана» мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, бесінші турдан кейін «Қызылжар» командасы көш бастап келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.