«Ордабасы» мен «Ақтөбе» тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бесінші турды «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.

Турнир кестесінде қатарлас келе жатқан қос команда үшін бүгін жеңіске жетудің маңызы зор еді.

Биыл екеуі де бас жүлдеден үміткер ұжымдар қатарында саналады. Сол себепті олар негізгі қарсыластарының бірін тізе бүктіруге тырысты.

Кездесу тартысты жағдайда өрбіді. Командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де командалар жиі шабуыл ұйымдастырды.

Нәтижесінде 65-минутта «Ақтөбе» ойыншысы Уго Видемон қарсылас қақпасынан саңылау тапса, оған «Ордабасы» сапынан Сергей Малый 96-минутта бір голмен жауап қайырды.

Командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Айта кетсек, бүгін бұдан бұрын «Қайрат» өз алаңында «Жетісуға» - 2:3, «Тобыл» «Астанаға» - 0:1 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, 8 сәуірде «Оқжетпес» «Ақсуды» 3:0, «Мақтарал» «Каспийді» 3:1, «Қызылжар» «Атырауды» 1:0, «Қайсар» «Шахтерді» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді алтыншы тур ойындары 15 және 16 сәуір күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар