«Тобыл» биылғы біріншілікте алғаш рет жеңілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында елордалық «Астанамен» кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Бұған дейін қостанайлық клуб үш мәрте жеңіп, бір мәрте тең түсті.

Ал елордалық команда үш мәрте қарсыластарынан басым түсіп, бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Сондықтан бүгінгі кездесу тартысты өтетіні белгілі еді. Ойын басынан командалар гол соғатын мүмкіндікті іздеді.

Десе де, бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де қос команданың белсенділігі байқалды. Ойынның 70-минутында «Астана» шабуылшысы Марин Томасов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 0:1 есебімен есе жіберді.

Енді аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.

Ал бұдан бұрын «Қайрат» өз алаңында «Жетісуға» есе жіберген еді.

Еске салсақ, 8 сәуірде «Оқжетпес» «Ақсуды» 3:0, «Мақтарал» «Каспийді» 3:1, «Қызылжар» «Атырауды» 1:0, «Қайсар» «Шахтерді» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар