«Қайрат» өз алаңында «Жетісуға» есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турында алматылық «Қайрат» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуға» есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайрат» өз алаңында «Жетісуға» есе жіберді

Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан 37-минутта Виктор Васин есеп ашты.

Ойынның 54-минутында «Жетісу» сапынан Рати Ардазишвили таразы басын етңестірді.

Ал 74 -минутта Андрей Ульшин қайтадан «Қайратты» алға шығарса, талдықорғандық клубтан Мәди Хасейн 80,Руслан Теверов 90-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Бұл - алматылық клубтың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңілісі болса, талдықорғандық клубтың бірінші жеңісі.

Енді сағат елорда уақытымен 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.

Еске салсақ, 8 сәуірде «Оқжетпес» «Ақсуды» 3:0, «Мақтарал» «Каспийді» 3:1, «Қызылжар» «Атырауды» 1:0, «Қайсар» «Шахтерді» 2:1 есебімен тізе бүктірді.