АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 2-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 9 және 10 наурыз күндері өтеді. Бүгін, 9 наурызда 4 ойын болса, 10 наурызда қалған 3 кездесу белгіленген.
Алдымен 9 наурызда қазанда сағат 14:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ордабасы» (Шымкент) жасыл алаңға шығады.
Ал «Жетісу» (Талдықорған) мен «Астана», 16:00-де «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» (Көкшетау), 18.00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қайрат» (Алматы) командалары кездеседі.
Соңғы үш ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
10 наурызда сағат 14:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Тобыл» (Костанай), 16.00-де «Атырау» мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары кездеседі.
Аталған турды 18:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, алғашқы турдан кейін «Ордабасы» және «Тобыл» командалары көш бастап тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.