Премьер-лига: «Қайсар» «Қызылжардан» жеңіліп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 1-турын Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен Петропавлдың «Қызылжар» командалары түйіндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордалық клуб былтыр бірінші лигада екінші орын алып, Премьер-лигаға берілген жолдамаға қол жеткізді. Жаңа маусымға дайындық барысында команда құрамына көптеген жаңа ойыншылар қосылды. Бас бапкер қызметіне ресейлік белгілі бапкер Виктор Кумыков шақыртылды.

Ойынның алғашқы минуттарында петропавлдық команданың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде 19-минутта Рафаэль Сабино есеп ашып кетті. Алаң иелері таразы басын теңестіруге ұмтылды. Бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші кезеңде командалар алма-кезек шабуылға көшті. Ойыншылар діттеген мақсатына жете алмай жатты.

Матч нәтижесінде «Қайсар» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, 4 наурызда ел біріншілігінің алғашқы турында «Ордабасы» өз алаңында «Каспийден», «Тобыл» «Ақсудан», «Астана» «Шахтерден» басым түскен болатын. Ал сырт алаңда «Оқжетпес» «Мақтааралды», «Ақтөбе» «Жетісуды» сүріндірді.

Енді екінші тур ойындары 9 және 10 наурыз күндері өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар