Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.