НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турнирде төрт команда бақ сынайды.
Олардың қатарында қазақстандық «Барыстан» басқа, Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) командалары бар.
Турнирге қатысуға ниет білдірген Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы жарысқа келе алмайтынын мәлімдеген еді.
Ойын кестесі мынадай:
16 тамыз (сейсенбі)
15:00 «Нефтехимик» - «Металлург»
19:30 «Барыс» - «Автомобилист»
17 тамыз (сәрсенбі)
15:00 «Автомобилист» - «Металлург»
19:30 «Барыс» - «Нефтехимик»
19 тамыз (жұма)
15:00 «Нефтехимик» - «Автомобилист»
19:30 «Металлург» - «Барыс»
Турнирдің барлық ойыны «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото: www.teahub.io
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.