«15 мамырда Ақтөбе қаласында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады», -делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, ауа сапасы Ақтөбеде кеше де ластанған болатын.