Бүгінгі тағайындаулар Президенттің экономикалық мәселелерге көңіл бөлгенін көрсетті – сарапшы

НҰР-СҰЛТТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Бекжан Садықов Президенттің бүгінгі кадрлық ауыс-түйісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттің мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық механизмдібірізді өзгертуі идеологиялық сфераның маңызды бағыттарын әкімшілендірудікүшейтуге бағытталған. Қазақстанның қазіргі технологиялық және экономикалықжағдайы сарапталған, жүйелі әрі практикалық тәсілді талап етеді. ТимурСүлейменовтің ҚР президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалуыэкономикалық желі бойынша жұмыстарды жеделдетуді білдіреді. Тимур Мұратұлыныңқұзыреті экономикалық күн тәртібіндегі нақты міндеттерді кешенді шешуге ықпалетеді», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі маңызды стратегиялық міндеттердің бірі – ел экономикасының нақты секторындағы сандықсипаттамалар мен өңірлердегі құрылымдық экономикалық өзгерістердіңнәтижелілігін көтеру. Құлсейітов Айдын Жеңісұлының Стратегиялық жоспарлаубөлімінің меңгерушісі атануы Президенттің осы мәселеге баса мән бергенінбілдіреді.

«Бұл мәселелерді шешу экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жәнеқазақстандықтардың өмір сапасын көтеруді қамтамасыз етеді. Қазақстанныңмемлекеттік басқару тәжірибесінде алғаш рет Стратегиялық жоспарлау бөлімін ҚРПрезиденті Әкімшілігі басшысының орынбасары тікелей бақылауына алынады. Жалпыалғанда, қос тағайындау да ұлттық экономиканы құрылымдық жаңғырту үшін жәнеоның дамуына серпін беру үшін мемлекеттік басқару жүйесінде «кадрлық синергия» құруға бағытталған», -деді Бекжан Садықов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін бірқатар ауыс-түйістер жасады.Президент Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентініңкөмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қараудыбақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

ҚР Президентінің көмекшісі болған Тимур Сүлейменов ҚР ПрезидентіӘкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын басқарған Талғат Қалиев ҚРПрезиденті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы атанды.