Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

25 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық ахуал сақталады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, дүйсенбіде ауа сапасы тек Алматы, Риддер, Өскемен және Семей қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.