— 15 мамырда Алматы және Көкшетау қалаларында, түнде Астана мен Ақтөбе қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қазцинк кәсіпорнында қандай қондырғы жарылып, мамандар оның ауа сапасына әсер туралы айтып берді.