Бүгін 5 қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

АСТАНА. KAZINFORM - 28 тамызда Алматы, Ақтөбе, Балқаш қалаларында, түнде Атырау, Қарағанды, Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: Pixabay.com

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде суда көбік пайда болып, жасыл түске боялды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазбалар тарады.