Бүгін 8 өңірде ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Kazinform

— 2025 жылғы 22 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау мен Астанада күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.