- 2025 жылғы 24 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе қаласында күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін Қазақстанда 24–26 мамыр аралығында үсік жүретіні туралы хабарладық.