Бүгін Алматы, Астана мен тағы 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Kazinform

— 16 наурызда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанай қаласында болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бүгін еліміздің көп бөлігінде тұман мен жел күшейеді

Осыған дейін республикада экологиялық айыппұлдардан түсетін қаржыны ауылдық округтердің бюджетіне беру жоспарланғаны туралы жаздық.