Бүгін Алматыда ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады,деп хабарлайды «Қазгидромет».

Фото: Pexels

«2024 жылғы 20 маусымда Алматы қалаcында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.