Алматыда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 7 маусым күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 7 маусым, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы қаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.