Бүгін Алматыда және тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Gov.kz

– 26 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында, түнде Алматы, Атырау, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, кеше Атырау тұрғындары жағымсыз иістен мезі болғандарын айтып, шағымданды

Көп ұзамай экологтар тұрғындар шағымынан кейін ауа құрамын тексерді.