— 29 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана, күндіз Өскемен, Семей қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды.
Өңірлік экологиялық саммитте Қазақстан «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасын ұсынды.