Бүгін Астана мен Алматыда және тағы 3 қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

28 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы және Балқаш қалаларында, түнде Астана, Қостанай қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Түркістан облысында экологиялық заңнаманы бұзудың 73 дерегі анықталды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында биыл экология заңнамасын бұзғандарға 21 млн теңгеден астам айыппұл салынды.