Бүгін Астана мен Петропавлда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 1 ақпан күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Атап айтқанда, сенбіде Астана, Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.