«2025 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан аумағы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен, Алматы, түнде Астана қаласында күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, «Қазгидрометтің» болжауына сүйенсек, 11 желтоқсанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде, сондай-ақ орталық аймақтарында күн көзінің күрт суытуы күтіліп отыр. Ал батыс және оңтүстік аймақтарда қар жауып, боран соғуы мүмкін.