«Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 3 қарашада сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты, Мәңгілік Ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында жолды толығымен жабу жоспарланды. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан Қаскелең мен Ұзынағашқа қатынайтын автобустар жолға шыққанын жазған болатынбыз.