Бүгін Астанада 4 автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM — Бас қалада № 19, 28, 52, 66 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Еске сала кетейік, елордада Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылатын болады.

Бұған дейін № 303, 323, № 5, 5А бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгергенін жаздық.