Бүгін Атырауда ауа ластанады

АСТАНА. KAZIFORM – Бүгін еліміздің бір облысында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Фото: Pexels

«2024 жылдың 26 мамырында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Атырау қаласында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.