Бүгін елімізде ауа сапасы нашарлайтын қалалар саны азайды

Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 9 сәуірде Өскемен және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Ақмола облысында ауаны ластайтын көліктерге бақылау күшейтілді.

Сонымен қатар Павлодар облысында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 8 ауыл әкімі айыппұл төледі.