Ауа температурасы -2°C дейін төмендеп, үсік жүреді

АСТАНА. KAZINFORM — 27 сәуірде солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы -2°C дейін төмендеп, үсік күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ жазды.

Фото: Freepik

Күндіз ауа температурасы төмендейді:

  • солтүстікте 10… 15°C дейін,
  • орталықта 10… 18°C дейін,
  • шығыста 7… 20°C дейін,
  • оңтүстікте 15… 25°C дейін.

Батыс өңірлерде температура біртіндеп 7… 15°C-тен 15… 20°C-қа дейін көтеріледі.

27 сәуірге Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын.