АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 3 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді.
Ойын елорда уақытымен 17:10-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 46 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі алты кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 5 қарашада ресейлік «Ак Барс» (Қазан) командасымен ойнаса, одан кейін 7 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, қақпашы Андрей Шутов «Барыс» командасына қайта оралды.
Сондай-ақ елордалық клуб Қатарынан екі жеңістен кейін «Барыс» командасы «Куньлунь Ред Старға» есе жіберді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.