АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 16 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.
Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 62 мәрте кездескен. Оның 27-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі төрт кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 19 қазанда Ресейде «Локомотив» (Ярославль) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 21 қазанда Беларусьте «Динамо» (Минск), 23 қазанда ресейлік «Сибирь» (Новосібір) командаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.