АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 19 қыркүйекте сағат 21:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 53 мәрте кездескен. Оның 11-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі алты ойында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберген.
Айта кетсек, «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябинск), «Амур» (Хабаровск), Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларынан жеңіліп қалған еді.
Одан кейін Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын овертаймда 2:1 есебімен сүріндірді.
Енді қазақстандық команда бұдан кейін тағы бір ойын сырт айдында өткізіп, 21 қыркүйекте «Витязь» (Подольск) клубымен ойнайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.