— 21 қыркүйекте Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Астана қалаларында, түнде Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Сондай-ақ Қарағанды облысында жыл басынан бері жүргізілген экологиялық бақылау шараларының нәтижесінде жүздеген заң бұзушылық анықталды.
Бұған дейін Алматыда тексерілген әр төртінші көлік экологиялық нормаға сәйкес келмейтіні туралы жазған болатынбыз.