Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 30 қаңтар күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 30 қаңтар, cейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.