Бүгін бокстан Қазақстан біріншілігінде финалға жолдамалар сарапқа салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысының орталығы — Тараз қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында бүгін жартылай финал жекпе-жектері басталады.

Фото: ҚБФ

Ел біріншілігінің жартылай финалына Алматы қаласынан 14 былғары қолғап шебері шықса, одан кейін Қарағанды облысынан 12, Жамбыл облысынан 11 спортшы үміт артып отыр.

Ал Түркістан облысынан — 8, Шымкент қаласынан — 7, Жетісу облысынан — 6, Астана қаласы мен Ақмола облысынан — 4, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан — 3, Алматы мен Қостанай облыстарынан — 2, Ақтөбе, Абай, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан — 1 боксшы жартылай финалға шықты.

Ел біріншілігінде күндізгі сессия қазақстан уақытымен 14:00–ге белгіленсе, кешкі сессия 17:00–де басталады.

Әйелдер

48 келі
Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) — Айым Тәңкібаева (Түркістан облысы)
Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды облысы) — Анель Құдайберген (Жетісу облысы)

51 келі

Анита Адишева (Қарағанды облысы) — Елянур Тұрғанова (Алматы қаласы)
Томирис Мырзақұл (Қарағанды облысы) — Жансая Рахымберді (Шымкент қаласы)

54 келі

Назым Қызайбай (Алматы қаласы) — Жайна Шекербекова (Шымкент қаласы)
Сымбат Әлиасқар (Жамбыл облысы) — Элина Базарова (Шымкент қаласы)

57 келі

Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) — Алина Құдайгенова (Қарағанды облысы)
Шахназ Исаева (Алматы қаласы) — Карина Ибрагимова (Ақмола облысы)

60 келі

Виктория Графеева (Алматы қаласы) — Римма Волосенко (Астана қаласы)
Аяжан Ермек (Қарағанды облысы) — Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы)

65 келі

Аида Әбікеева (Қарағанды облысы) — Ақнәр Ишанова (Батыс Қазақстан)
Назерке Серік (Жамбыл облысы) — Лаура Есенкелді (Шымкент қаласы)

70 келі

Бақыт Сейдіш (Алматы қаласы) — Анастасия Баязитова (Қостанай облысы)
Дана Дидай (Алматы қаласы) — Аружан Жаңабаева (Түркістан облысы)

75 келі

Шұғыла Нәлібай (Түркістан облысы) — Жібек Жарасқызы (Жамбыл облысы)
Жасмин Қизатова (Қарағанды облысы) — Әзиза Исина (Қарағанды облысы)

80 келі

Надежда Рябец (Қостанай облысы) — Гүлсая Ержан (Қызылорда облысы)
Айдана Убайдуллақызы (Қарағанды облысы) — Құралай Егінбайқызы (Жетісу облысы)

80 келіден жоғары

Елдана Талипова (Алматы қаласы) — Валерия Аксенова (Ақмола облысы)
Әсел Тоқтасын (Алматы қаласы) — Дина Исламбекова (Қарағанды облысы)

5 қараша

Ерлер

50 келі

Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан) — Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы)
Диас Берікбай (Жетісу облысы) — Дамир Әбдіқадыр (Маңғыстау облысы)

55 келі

Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Нұрислам Бекен (Қарағанды облысы)
Тимур Қабдешов (Ақмола облысы) — Бексұлтан Хужамжар (Шымкент қаласы)

60 келі

Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Рамазан Орынбасар (Жамбыл облысы)
Әділбек Қожахан (Жетісу облысы) — Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)

65 келі

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) — Илья Калинин (Жамбыл облысы)
Абзал Серік (Шымкент қаласы) — Ертуған Зейнуллинов (Алматы облысы)

70 келі

Фарух Тоқтасынов (Алматы қаласы) — Мұхит Нұрқабылұлы (Алматы облысы)
Алмат Әбдуәли (Жетісу облысы) — Елнұр Сүйінбай (Жамбыл облысы)

75 келі

Аман Қонысбеков (Түркістан облысы) — Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы)
Акбар Қазақбай (Павлодар облысы) — Нұрбек Мурсал (Алматы қаласы)

80 келі

Ерасыл Жақпеков (Абай облысы) — Санжар-Әли Бегалиев (Шымкент қаласы)
Өнер Сейілхан (Батыс Қазақстан) — Диас Молжігітов (Жамбыл облысы)

85 келі

Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы) — Бекнұр Батырбек (Алматы қаласы)
Тимур Нұрсейітов (Астана қаласы) — Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы қаласы)

90 келі

Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) — Нурмагамед Юсупов (Қарағанды облысы)
Ілияс Жандау (Астана қаласы) — Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы)

90 келіден жоғары

Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) — Данияр Рахымбердинов (Алматы қаласы)
Ерсұлтан Сапар (Алматы қаласы) — Аслан Елдібайұлы (Қызылорда облысы).

Ел біріншілігінде барлығы 20 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр. Боксшылар 30 қазан -1 қарашада алдын ала жекпе-жекте сынға түсті.

Одан кейін 2-3 қарашада ширек финал болса, 4-5 қарашада жартылай финал белгіленген. Ал 6 қарашада боксшылар финалда бас жүлдені сарапқа салады.